Созақ ауданында 3120 көшет егілді. Бұл — аудан әкімі М. Исаевтың бастамасымен 14 қарашада аудан көлемінде өткен сенбіліктің нәтижесі. Тазалық шарасында атқарылатын жұмыстар алдын ала жоспарланып, аудандағы барлық мекеме ұжымдарынан 1830-ға жуық адам жұмылдырылды.
Саябақтар тазаланып, аудан орталығы Шолаққорған ауылын көгалдандыру мақсатында Шолаққорған-Шымкент автомобиль жолының бойына егілген көшеттерді толықтыру мақсатында 3120 түп көшет егілді.
Бұл көшеттер көктемде тамшылатып суару жүйесі арқылы суарылып, Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ-сәулет» мемлекеттік комммуналдық кәсіпорнының мамандары күтіп-баптайтын болды.
Ауданды көгалдандыру мақсатында атқарылып жатқан осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасады дейді әкімдік өкілдері.
Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі