Шымкенттегі жалғыз студенттік емхана күрделі жөндеуден өтті. Бүгін белгілі болғандай, емхана акушерлік-терапевттік- педиаторлық кешен болып жұмысын бастады. Ақ халаттылар жаңаланған жылы ғимараттағы бөлмелерін жабдықтауда.
Дәрігерлердің айтуларынша, мұнда студенттер де ем алады. Яғни, аймақтық мекенжай бойынша ОҚМУ мен педагогикалық университет және жаңа технологиялар колледжінің студенттері қаралады. Сондай-ақ, тұрғылықты мекен жайы бойынша жүкті әйелдер мен балаларға қызмет көрсетіледі. Медициналық көмекке жүгінгендер үшін емханада зертхана, ультро дыбысты зерттеу кабинеттері жұмыс жасайды.