Жағармай өртеніп, екі адам күйіп қалды

313
Аурухана

Оңтүстік Қазақстан облысында екі адам күйіп қалды. Оқыс оқиға «Гелиус» ЖШС-нің Шымкент бөлімшесіндегі «Манкент» мұнай базасында орын алған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аурухана

Мамандардың мәліметінше, таңертең жұмысшылар жанармай тасымалдайтын көлікке дизел отынын құйып жатқан кезде цистернадағы отын аяқ астынан лап етіп тұтанған. Бөшкенің аузынан шыққан ыстық жалын кесірінен сол маңда жүрген екі қызметкердің денесі едәуір күйіп қалыпты.

Екеуі де тез арада Ақсукенттегі аудандық ауруханаға жеткізілген. 36 жастағы азамат жансақтау бөліміне, оны қасындағы 22 жастағы жігіт жарақат бөліміне түскен. Абырой болғанда жалын жайылып үлгермеген.

Қазір таңда дизел отынының неден ұштанғаны анықталып жатыр.