Жергілікті сауда орындарында қауіпті тауарлар сатылып келген. Күмәндә азық-түлікке тексеру жүргізген тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандары осылай дейді. Қазір талапқа сай келмейтін 50-ден астам сүт, ет және балық өнімдері дүкен сөрелерінен алынып тасталды.
Санитар мамандар күман туғызған тауарларлы сараптай келе жаңа ұстатарлық қорытындыға келді. Жыл басынан бері 700 тамақ өнімінен сынама алынып, оның 216-сы талапқа сай емес деп танылған. Сондай-ақ, шетелден әкелінген 4 кондитерлік өнімнен де адам ағзасына зиянды қоспалардың шамадан тыс екені анықталған. Мұндай тәттілердің Ресей, Украина елдерінен әкелінгені анықталды.
Айта кетейік, жыл басынан бері сараптама қорытындысы көңіл көншітпеген 4 мың тонна тауар жойылып, дүкен сөрелерінен алынып тасталған. Оның ішінде 53 келі тауар кондитерлік өнімдер дейді мамандар. Қазір зиянды азық-түлікті саудалап келген кәсіпкерлер айыппұлға тартылып отыр.
Сүт өнімдерін тексеру кезінде оның тығыздығы мен майдың үлесі қалыпты көрсеткіштен төмен болған. Ал бұзылған ет пен балық өнімдері еліміздің 7 облысы мен 3 ірі қаласында саудаланып келіпті. Сондай-ақ, сапасыз тауарлардың қаптамасында қазақ тілінде ақпарат жоқтың қасы.