Ойыншықтар қауіпті ме

352
Ойыншықтар қауіпті ме

uiowБалалар ойыншықтары қауіпті емес. Жыл басынан бері өңірдегі сауда орындарында сатылып жатқан тауарлардан техникалық регламенттерге қатысты 85 сынама алып тексерген санитар мамандар осындай қортынды жасады.

Сала мамандарының сөзіне сенсек, балалар ойыншықтарының құрамында формальдегид, қорғасын, мырыш сияқты заттардың мөлшері қалыпты жағдайда.

Алайда мамандар бұл тауарларды сатып алған кезде сәйкестік сертификаты мен декларациясын талап ету қажет дейді. Қандай да бір күмәнді жағдайды байқасаңыз, департаменттің бөліміне шағым түсіре аласыз.

Айта өтейік, жуырда балалар денсаулығына қауіпті деп танылған ойыншықтар еліміздің бірқатар өңірінде анықталған болатын. Бүлдіршіндер ермегінің дені Қытай, Ресей және Өзбекстаннан әкелініп жатыр. Отандық тауарлардың үлес салмағы небәрі 5 пайызды құрайды.