Жергілікті сауда орындарында қауіпті тауарлар сатылып келген

339
Санитар-мамандар

Жергілікті сауда орындарында қауіпті тауарлар сатылып келген. Күмәндә азық-түлікке тексеру жүргізген тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандары осылай дейді. Қазір талапқа сай келмейтін 50-ден астам сүт, ет және балық өнімдері дүкен сөрелерінен алынып тасталды.

Санитар-мамандарСанитар мамандар күман туғызған тауарларлы сараптай келе жаңа ұстатарлық қорытындыға келді. Жыл басынан бері 700 тамақ өнімінен сынама алынып, оның 216-сы талапқа сай емес деп танылған. Сондай-ақ, шетелден әкелінген 4 кондитерлік өнімнен де адам ағзасына зиянды қоспалардың шамадан тыс екені анықталған. Мұндай тәттілердің Ресей, Украина елдерінен әкелінгені анықталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері сараптама қорытындысы көңіл көншітпеген 4 мың тонна тауар жойылып, дүкен сөрелерінен алынып тасталған. Оның ішінде 53 келі тауар кондитерлік өнімдер дейді мамандар. Қазір зиянды азық-түлікті саудалап келген кәсіпкерлер айыппұлға тартылып отыр.

Сүт өнімдерін тексеру кезінде оның тығыздығы мен майдың үлесі қалыпты көрсеткіштен төмен болған. Ал бұзылған ет пен балық өнімдері еліміздің 7 облысы мен 3 ірі қаласында саудаланып келіпті. Сондай-ақ, сапасыз тауарлардың қаптамасында қазақ тілінде ақпарат жоқтың қасы.