Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жылдық мереке қарсаңында Шымкентте қайырымдылық жасау шарасы жалғасып жатыр. Қаратау әкімдігінің өкілдері және ауданға қарасты кәсіпорынның иелері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың перзенттері мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне концерттік бағдарлама ұйымдастырып, сый-тарту үлестірді.

Жаңа жыл мерекесі

Ересектер Аяз ата мен Қарша қызды шақырып, бүлдіршіндердің бірауық ертегілер еліне сапар шегуіне жағдай жасады. Балалардың жүзіне қуаныш сыйлаған мерекелік шараға жергілікті кәсіпкерлер қаржылай қолдау көрсетті. Айта өтейік, бүгінде Қаратау ауданында әлеуметтік жағдайы төмен және жетім 379 бала бар.