Оңтүстік Қазақстан облысының шекарашылары сирек кездесетін жануарлар заңсыз алып кетіп бара жатқандардың жолын кесті. 28 желтоқсан күні Өзбекстаннан Қазақстанға келе жатқан Келес — Сарыағаш бағытындағы жүк пойызын «Сарыағаш» өткізу бекетінде тексеру барысында шекарашылар аяқтары байланған 4 жаунарды байлайды. Вагондардың бірінде жатқан аңдардың ілеспе құжаттары жоқ болып шықты.
Кейінірек тексеру барысында бұл жануарлардың Солтүстік Африканы мекендейтін жабайы тау қойлары екені анықталды. Иесіз жануарлар оңтүстікқазақстандық мал дәрігерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы шекара қызметінің баспасөз қызметі.