Марапаттау

«Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы» құрметіне арналған мерекелік медаль қоғамдық келісімнің нығаюына үлес қосып жүрген 12 жерлесімізге салтанатты жағдайда табысталды.

Марапаттау

Ал ұлттық бірлікті нығайтуда, мәдениетаралық диалогты дамытуда белсенділік танытқандар ассамблеяның құрмет грамотасы мен алғыс хаттарына лайық деп танылды. Бұл күні қайырымдылық қызмет ескеріліп, сый құрметке бөленгендер де бар. Оларға ел президентінің алғыс хаты тапсырылды.