ІІД тәуелсіздік күні
Елмұратов Асылбектің отбасы

Тәуелсіздік күнін облыстың полицейлері де атап өтті. Ішкі істер департаментінде мерекеге орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, оған өңіріміздің барлық тәртіп сақшылары жиналды.

ІІД тәуелсіздік күні

ІІД тәуелсіздік күні

Салтанатты шарада биыл ерлігімен көзге түскен жандар марапатталды. Солардың бірі – Қазығұрт ауданы тұрғыны Елмұратов Асылбектің отбасы. Ол азамат 24 маусымда болған жол апатының құрбандарын құтқарамын деп жүріп, өзі мерт болған.

ІІД тәуелсіздік күні
Елмұратов Асылбектің отбасы

Еске салайық, сол күні ішіне адам толы Нива көлігі каналдың жанымен кетіп бара жатып, суға аударылған. Көліктің ішінде 9 жуық адам болған. Мұны сол маңда жүрген Елмұратов Асылбек байқап қалады. Қарапйым ауыл тұрғыны көп ойланбастан суға қойып кетіп, бірінен соң бірі 4 әйелді құтқарады. Соңынан бесінші рет суға түскен. Алайда, әлі кетіп, өзі суға тұншығады…

Елмұратов Асылбектің отбасы

Марқұмның анасы марапат алып тұрып, көз жасына ерік берді. Ал бүкіл зал қарапайым қаһарманның отбасына құрмет көрсетті.

Берік Керімбеков және Марат Жанғозиев

Бұдан кейін төрге шыққан Кентаудағы көп қабатты үйдегі өртте бір отбасын түгел құтқарған кентаулық полицейлер Берік Керімбеков және Марат Жанғозиевтер Елбасының жарлығымен «Ерлігі үшін» медалі табысталды.

Берік Керімбеков және Марат Жанғозиев

Салтанатты шараның соңы өнерпаздардың ән шашуымен ұласып, концертпен жалғасты.

ІІД тәуелсіздік күні