Арман Жетпісбай
Арман Жетпісбай

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарушы директоры болып Арман Жетпісбай тағайындалды. Бұл туралы Vласть журналы жазады.

Арман Жетпісбай
Арман Жетпісбай

Қазір Арман Жетпісбай өзінің жұмысына бірден кірісіп кеткен.

44 жастағы басшы бұған дейін бірнеше саланы басқарып, біліктілігін байқатқан. Қазақ химия-технологиялық университеті мен Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі. Жекеменшік бизнес салаларында, «Қазкоммерцбанкте» жұмыс істеді, «Оңтүстік» АЭА дирекциясының директоры, ОҚО әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Ал 2008-2012 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып қызмет еткен.

Айта кету керек, «Қазатомөнеркәсіп» – Қазақстанның ұлттық атом компаниясы. «Самұрык-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еншісінде.