Арыста облыстық жас ақындар айтысты

455
Ақындар айтысы

Арыста қалалық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен қалалық мәдениет үйінде «Қазақ хандығына — 550 жыл» тақырыбында облыстық деңгейде жас ақындар айтысы өтті.

Қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбеков айтысты ашып, жас ақындарға ақ жол тіледі. Іс-шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек, ақын М.Дәрменов, ақын-ұстаз Р.Сұлтанәлиева қазылық етті.

Айтысқа қатысқан 8 жұп, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, белгіленген тақырып аясында бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, көрерменнің көңілінен шықты.

Ақындар айтысы

Нәтижесінде бас жүлдені шымкенттік Дәурен Ақсақалов қанжығасына байласа, бірінші орынды түркістандық Тұрар Тілеулиев, екінші орынды қазығұрттық Қуандық Қалыбеков алды. Ал үшінші орынды арыстық Нұрсұлтан Маханов және отырарлық Дәурен Полатбековтер өзара бөлісті.

Арыс қаласы әкімінің арнайы сыйлығын төлебилік Бекарыс Рахматуллаев жеңіп алды, ал ордабасылық Диана Батахаева «Ең жас ақын» номинациясымен марапатталды.

Айтысқа қатысқан жас ақындардың барлығы Арыс қаласының әкімі С.Ертайдың алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарына ие болды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі