Салыхан Полатов

Отырар ауданында жергілікті жұртты жұмыспен қамту межесі 100 пайыздан жоғары орындалған. Оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту арқылы және қайта оқыту бағыты бойынша жаңа жұмыс ордарын құруға көп күш салыныпты.

Салыхан ПолатовЖоспарлы межені 150 пайызға жуық деңгейге жеткізген аудан әкімнің есебі түгел. Салыхан Полатов халықты еңбекке тартуда елеулі тірлік тындырдық дейді. Тіпті, ауданның қазынасы биыл 300 млн теңгеден қағылса да жұмыспен қамтудың жоспарын еселедік деді аудан басшысы.

Бұған себеп мұнай бағасының төмендеп кетуі екен. 54 мыңнан астам халқы бар Отырар ауданында қазіргі жұмыссыздық көрсеткіші тек 5 пайызды құрайды деп түйіндеді шенеунік.