Оңтүстік Қазақстан облысына Қазақстан ауыл шаруашылығының вице-министрі С.Омаров жұмыс сапарымен келді. Жоғарғы шенді қызметкер өңір мамандарына «Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау реформасын және «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан заңын түсіндірді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, кооператив төрағалары және фермерлер қатысты.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперациялары» мен «Ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар күшіне енбек. Бұл заңдармен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің статустары коммерциялық еместен коммерциялыққа өту және ауыл шаруашылығы кооперативінде табысты бөлу, жыл сайынғы ішкі аудитты өткізу үшін ревизиялық бірлестіктерге кіру мүмкіндігі, демократиялық принциптерін сақтау, өз мүшелеріне тауарды өзіндік құн есебімен сату принципі, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арнайы салық режимін қолдану және кооперативтердің ішкі аудит құнын 50%-ға дейін субсидиялау мүмкіндіктері қарастырылған.
Кооперацияның дамуын ынталандыру үшін министрлік кооперативтер үшін субсидиялау нормативтерін жоғарылату бойынша қолданыстағы агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау механизмін қайта қарастыруда.
Сондай-ақ, министрлік «КазАгро» АҚ-мен бірлесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Өткен жылдары ауыл шаруашылығы министрлігі қолданыстағы субсидиялардың тиімсізділігіне бірнеше рет көңіл бөлді.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі соңғы 7 жыл ішінде 3,5 есе өсіп, 2014 жылы 146,6 млрд теңгені құрады (2008 жылы — 41,4 млрд теңге). Бұған қоса ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің өсімі мемлекеттік қолдау көлемінен баяу өсуде.
Бұл кейбір субсидиялардың ынталандыру тиімділігінің төмендігімен байланысты. Бұған өсімдік шаруашылығындағы гектарға берілетін және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарылату субсидиялары жатады. Осы субсидиялар өнім тиімділігіне қарамастан егіс алқаптары мен өндірілген өнімге төленеді.
Осыған байланысты жоғарыда аталған субсидиялар түрін қысқартып, осы қаражат көлемін тиімді субсидияларға бағыттауға шешім қабылданды. Мемлекет басшының тапсырмасына сай ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми ұйымдар қызметтеріне бизнес-ассоциациялардың шығындарын субсидиялау механизмін әзірледі.
Енді бизнесті ғылыми зерттеулерді бірлесе қаржыландыруға ынталандыру үшін министрлік ғылыми зерттемелерде қатысатын бизнеске субсидия бөлуді жоспарланып отыр. Яғни, ғылымның дамуына қаражат қосқан және нәтижелерді өндірісте қолданған бизнес өкілдеріне субсидия беріледі.
Аталмыш механизм әзірленуде, сондай-ақ заңнамаға өзгерістер енгізуді қажет етеді. Қызметтің бұл түрін 2017 жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа АӨК субъектілеріне ақысыз түрде ауыл шаруашылығы саласында ақпарат ұсынуды негізгі шаруашылықтарда оқыту семинарларын өткізу арқылы іске асырылмақ. Бұл бағдарламаны «Атамекен» ҰКП-на мемлекеттік тапсырма беру арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі