Оңтүстікте қуаты 100 МВт күн электр станциясы салынады. Бұл келісімге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвестор Хасан Альшабанмен өткізілген кездесуі барысында қол жетті.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Берік Бәкірұлы бұл жобаның ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қарсаңында ерекше маңызды екеніне тоқталған. Және бұл жобаны жан-жақты қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Альшабан облыстың инвестициялық мүмкіндіктерінің және әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айтып, электр станциясының ЭСКПО-2017 көрмесіне дейін іске қосылатынына сендірді.
Айта кетерлік жәйт, шетелдік кәсіпкер бұл жобаға 35 млрд теңге инвестиция салуға мүдделі. Соның нәтижесінде жергілікті 50 тұрғынды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазақстандық тарап жобаны жүзеге асыруға Бәйдібек ауданынан 230 гектар жер телімін бөліп отыр.
Сонымен қатар араб инвесторы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында түйе шаруашылығын дамытуға да қызығушылық танытып отыр.