Тұрақты комиссия

Жаһандық дағдарыс жағдайында ең басты шара – үнемділік. Мұны мемлекет басшысы да қалың қауымға нұсқады. Осыған сәйкес халық қалаулылары қазына қоржынындағы қаражатты негізгі мақсаттарға жұмсауды тағы бір пысықтауға көшті.

Тұрақты комиссияЖуық арада облыстық мәслихат депутаттары 2016-2018 жылдарға арналған облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Облыс мәслихатының азаматтардың құқығын қорғау және өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыс бюджеті нақтыланды.

Дағдарысқа байланысты құрылыстардың басым бөлігі енді бизнестің мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі негізінде салынбақ. Осылайша өңірге инвестиция тарту арқылы көп мәселелер шешіледі деген үміт бар.

Қаржы тапшылығына байланысты енді бұрын мемлекеттік меншікте болған нысандар жекешелендіру арқылы күтімге және қызмет жасауына қаржыны өз есебінен қарастырады. Дегенмен, депутаттар инвесторлар табылмаса, қаланың іргесіндегі ауылдардарда әлеуметтік нысандар салынбай қалады деп деп алаңдайды.

Шымкенттегі облыстық туберкулезге қарсы диспансер тез арада басқа жерге көшірілуі тиіс деп есептейді халық қалаулылары. Өйткені қаланың қақ ортасында орналасқан мекеме адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін деген қауіп бар.

Облыс әкімдігінің мамандары туберкулезге қарсы диспансерді көшіру мақсатында жер іздестіріп жатқандарын жеткізді. Ал Шұбарсу елдімекеніндегі емхананы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде салу жоспарланып отыр.

[youtube]https://youtu.be/PiXc6qulbUY[/youtube]

Шынар Оразова