Шымкенттегі Еңбекші ауданының әкімі Ғалым Ілиясов көше және үй төрағаларын құттықтады. Ауданның түйткілді мәселелерінің оңтайлы шешілуіне атсалысып жүрген 40 шақты азаматқа демеушілер тарапынан сыйлықтар тапсырылды.
Әкімдік қызметкерлері қарапайым тұрғындардың жайлы өмір сүруіне мұрындық болып жүрген жандардың еңбегін бағалап, жаңа жыл қарсаңында осылай құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Билік өкілдері алдағы жылы да белсенділермен тығыз жұмыс жасау мақсатында бірқатар шаралардың жоспарын талқылап алды.