Ет сатып аларда абай болыңыз!

419

Ет және сүт өнімдерінен таралатын ауру түрі көбеюде. Жыл басынан бері сарып және эхинокаккоз ауруы бойынша 700-ге жуық жағдай тіркелген.

ЕтҚауіпті дерттің алдын алу мақсатында тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары сауда орындарындағы кәсіпкерлердің санитарлық жағдайын бір тегіс бақылап шықты. Арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бірнеше сатушыларға ескерту жасады.

Сарып ауруынан адамдарды сақтандырудың ең басты жолы — ауру мал өнімін дер кезінде залалсыздандыру. Сондықтан сала мамандары санитарлық талаптарды сақтап, базардан ет сатып алғанда абай болуды ескертеді.