Имамдар

Имамдар Қазақстан Президентінің халыққа жолдауын талқылады. Оңтүстіктің діни қызметкерлері стратегиялық жоспарға кеңінен тоқталып, жолдаудың саяси-әлеуметтік, мәдени әрі рухани жағынан маңыздылығын атап өтті.

Имамдар

Мешіттегі жиынға қоғам белсенділері де қатысты. Олар өз ойларын ортаға салды. Жұртшылық мықты мемлекетті қалыптастыруда ел бірлігін сақтау басты міндеттің бірі екендігіне ерекше тоқталды. Сондықтан, имамдар бірлік пен татулықты қолдап, оны халық арасында үгіттеуге мән беріп отыр.