Мақтаралдағы әскери бөлімдердің бірінде төтенше жағдай тіркелді. Мұнда сарбаз атыс қаруынан алған дене жарақатынан қаза болған.
Оқиға қарауыл қызметін атқару кезінде орын алыпты. Болжам бойынша, марқұм табельдік қарумен өзі-өзіне қол жұмсауы мүкмін. Қайғылы оқиға бойынша әскери прокуратура тергеу жұмыстарын жүргізуде.