ОҚМУ студенттерін білім министрі құттықтады

Арслан Сәрінжіпов

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерін жаңа жатақханамен еліміздің білім және ғылым министрінің өзі құттықтады. Аслан Сәрінжіпов мырза обылс әкімімен бірге 5 қабатты ғимараттың лентасын қиды. Жатақхананың жай-күйімен танысқан Аслан Бәкенұлы оқу орнының студенттеріне бөлмелерінің кілтін табыстады.

Жаңа ғимаратқа енді ауыл шаруашылығы факультетінің студенттері қоныстанатын болады. Бұл — Шымкентте биыл пайдалануға берілген екінші студенттер үйі. Ал Қазақстанда студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған 10 нысан ашылып, 7 жатақхана жастардың игілігіне берілген.

Білім министрінің айтуынша, жастардың мәселесі біртіндеп шешіліп, олардың толықтай білім алуы үшін барлық жағдай жасалып келеді.

Арслан Сәрінжіпов, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі: «Қазақстанда жыл сайын жастар үшін барлық жағдай жасалып келеді. Болашақтықтар шетелде білімін жалғастыруда. Тегін оқу гранттарын көбейтудеміз. Енді біздің жастар алған білімдерін  ел игілігі үшін жұмсайтын болады деген ойдамыз.»