Жазира Жаппарқұл

Өңір басшысы Б.Атамқұлов ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері Ж.Жаппарқұл мен оның бапкері, ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері В.Нюді қабылдады.

Кездесуде облыс әкімі Ж.Жаппарқұлды таяуда ғана АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдесімен құттықтап, 4 миллион теңгенің қаржылай сертификатын табыстады. Ал спортшының бапкері В.Нюге 1 миллион теңгенің қаржылай сыйлығы берілді.

Жазира Жаппарқұл

Басқосуда аймақ басшысы өңіріміздегі спорт саласындағы жұмыстардың жоғары деңгейде атқарылып жатқанын айтып, спортшыларға алғысын білдірді.

В.Ни

Бүгінде Жазира бапкерімен бірге демалыста жүр. Ал жаңа оқу-жаттығу жиыны қаңтар айында Талдықорғанда басталады.

Ауыр атлетшілер

20-29 қараша аралығында Хьюстонда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрама сапында оңтүстікқазақстандық 4 спортшы қатысып, нәтижесінде Ж.Жаппарқұл 69 келі салмақта 2-орынды жеңіп алып, Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдаманы қанжығасына байлады.

Айта кетейік, ОҚО спортшыларының қоржынында Рио-де-Жанейро олимпиадасына, әзірге, 12 жолдама бар. Осы көрсеткіш бойынша Оңтүстік өңірі республикада көш бастап тұр. Жолдаманың саны жыл соңына дейін тағы да артуы мүмкін. Өткен жолы облыс спортшыларының қанжығасында 10 жолдама болған еді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі