Әуе апаты құрбандарын еск алу

Оңтүстік жұртшылығы әуе апатында қаза тапқандарды еске алды. Марқұмдардың мемориалды тақтасына гүл шоқтарын қойып, еске алу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков те қатысты.

Әуе апаты құрбандарын еск алу

Еске салсақ, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент қаласының маңында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсізідк комитеті шекара қызметінің әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, әуе кемесінде болған 27 адамның барлығы мерт болды. Оның ішінде 7 экипаж мүшесі де бар.

Әуе апаты құрбандарын еск алу

Бұл күн жалпы еліміз үшін орны толмас қайғылы жағдай болды. Сол уақыттан бері республикадағы 27 елдімекен мен Ресейдің Гайворон қаласында көз жұмған шекарашыларға арналып ескерткіш қойылды.

Әуе апаты құрбандарын еск алу

Шекара қызметкерлері білім алған мектептерде мемориалды тақталар орнатылып, есімдері сыныптарға берілді. Әскери бөлімдерде еске алу бұрыштары ашылып, спорттық турнирлер өткізіліп келеді. Қайғылы жағдай орын алған үш жылда марқұмдардың туыстары қаржылық көмектерден бөлек пәтерлермен қамтамасыз етілді. Қайтыс болған шекарашылардың жұбайларын жұмысқа, балаларын оқу орындарына орналастыру мәселелері қамтамасыз етілді.