Оңтүстікке Түркия мен Италиядан бизнес-делегация келді

171
Индустрия

Оңтүстік Қазақстан облысына түрік және итальяндық бизнес-делегация іс-сапармен келді. Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысуға келген, 15 адамнан тұратын шетелдік делегаттар «Оңтүстік» индустриялық аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындарды аралап, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысымен танысты.

ИндустрияБұдан соң инвесторларға Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуетті инвестициялық жобалары көрсетілді. Түркия және Италиядан келген делегация мүшелері облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалдымен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен кәсіпкерлік саласындағы әріптестік мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, облыс экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері талқыланды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі