Оңтүстікте жыл басынан бері 271 млн жұмыртқа өндірілді

452
жұмыртқа

2015 жылдың 11 айында Оңтүстіктегі ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 320,4 млрд теңгені құраған. Бұл — өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24 млрд теңгеге артық. Мұндай жетістік салада атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде болып отыр.

жұмыртқаМәселен, жыл басынан бері өңірімізде 179 мың тонна ет, 653 мың тонна сүт, 271,8 млн дана жұмыртқа өндірілген. «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен биыл 20,7 мың сиыр сатып алынып, тапсырма 1,2 есеге орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша биыл 20 мың ұсақ мал алу межеленсе, 11 айда 47,7 мың мал алынды. Ал «Құлан» бағдарламасы аясында 2 680 жылқы алу жоспарланып, нәтижесінде 3 894 жылқы алынып, меже 145,3 пайызға артық орындалды.

Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шарасы аясында жалпы 1919 жобаға 4770 млн теңге несие берілді.

Облыста 43 ет, 38 сүт, 35 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорыны жұмыс істейді. Биыл осы кәсіпорындардың қуатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, ет кәсіпорындарының қуаты 7,4 тоннаға, сүт кәсіпорындарының қуаты 8,1 тоннаға, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаты 17 тоннаға артты. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20,3 млрд теңгеге көбейіп, 138,5 млрд теңгені құрады.

Ал ауыл шаруашылығы дақылдарына жүргізілген әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде өңірдегі егіc көлемі 772,5 мың гектарды құрап, суармалы жерлердің көлемі 18,8 мың гектарға ұлғайды. Қосымша 112,3 гектар жылыжай салынып, жалпы көлемі 1023 гектарға жетті. 9,7 мың гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, көлемі 43,7 мың гектарды құрады. Сонымен бірге облыста жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының сыйымдылығы  210 мың тоннаны құрады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі