Индустрияландыру картасы аясында 2015 жылдың мамыр айында жұмысын бастаған керомагранит зауытында сегіз айда 800 мың шаршы метр өнім шығарылды. Бұл — еліміздегі керамика өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Зерде-Керамика» ЖШС бүгінде «MK Ceramics» брендімен құны 1 млрд теңге болатын керомагранит өнімдерін экспорттаған. 175 адамды жұмыспен қамтып отырған өрдіріс орны мамандарының білімін жетілдіріп отырады.
Итальяндық «Barbieri & Torozzi» жабдықтары орнатылған кәсіпорында сапасы жоғары саз, таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер қолданылады. Ал пайдаланылатын шикізаттың 70 пайызы жергілікті өнім. Кәсіпорын өлшемі 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм, 600х300 мм, үсті тегістелген және жылтыр, глазурьленбеген керамогранит тақташаларын шығарады.
Алдағы уақытта өнім қуаттылығын жылына 5 млн шаршы метрге дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар кәсіпорын ашылғалы бері диллерлік желіні дамытқан. Бүгінде еліміздің бірқатар қалалары мен облыстарында «Зерде-Керамика» ЖШС 40-тан астам диллерлері бар. Ресейге 5 млн шаршы метр, Қырғыстанға — 100 мың ш.м., Тәжікстан мен Өзбекстанға 200 мың шаршы метр керомагранит жеткізу үшін келісімдер жасалды дейді өндіріс басшылары.