Пара алған инспектор сотталды

397
Пара алған инспектор сотталды

Пара алған инспектор сотталды. Айыпталушыға үкімді Қаратау аудандық соты шығарды. Қылмыстық-атқару инспекциясының капитаны жазасын өтеп шыққан азаматтан бостандықтағы тыныштығы үшін пара талап еткен.

Пара алған инспектор сотталды

Түрмеден босап шыққан азаматқа қамқоршы боламын деген пробация бөлімінің аға инспекторы пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Осылайша лауазымды тұлғаның өзі заңсыз әрекетке барыпты. Сыбайлас жемқорлық іс бойынша төрағалық еткен судья Ермахан Рахманберді күдіктінің жауаптылығын ауырлататын мән-жай ретінде оның кәсіби антын бұзғанын алға тарты. Сөйтіп, қылмыс жасағанын тілге тиек етті.

Ермахан Рахманберді, Қаратау аудандық сотының төрағасы: «Сот айыпталушының отбасында жалғыз асыраушысы екенін және 2 жасөспірім баласының барын ескереді.»

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 49-бабының 1-бөлігі негізінде айыпталушы арнайы капитан шенінен айрылды. Пара алған сақшы тергеу кезінде кепілге пәтер қойып, бұлтартапау шара ретінде қолхатпен жүрген.

Сөйтіп, айыпталушы жеке мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 3 айға жалпы режимдегі түрмеге қамалатын болып жазаланды. Бұған қоса ол өмір бойы құқық қорғау саласында қызмет атқара алмайды. Үкімге наразы тарап 15 тәулік аралығында аудандық соты арқылы апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Ернар Балабеков