Саудагердің тауарын ұрлағандар базар күзетіне ұсталды

353
Ұрланған зат
Ұрланған зат

Абай болыңыз, ұры! «Автонұр( базарында өзгенің мүлкіне қол сұққандар көбейген. Тал түсте екі әйелдің 200 мың теңгелік тауарын қолды қылғандар құрықталды. Ұрыларды күзетшілер ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырған.

Бейне-бақылау камерасының жазбасы
Бейне-бақылау камерасының жазбасы

Орта жастан асқан екі азаматшаның бөтеннің затын асыға алып кетіп бара жатқаны бейне-бақылау камерасына анық түсіп қалған. Тауарынан айрылған саудагер деру күзеттің көмегіне жүгінеді.

Базардың күзетшілері күдіктілерді кафелердің бірінде ұрланған тауарларды саудалап жатқан жерінен ұстады. Олардың бірі емделу үшін қаражат керек болғандықтан осындай қылмысқа барғанын айтты.

Ұсталған азаматша
Ұсталған азаматша

Ал екіншісі оған көмек көрсету үшін базарға келдім деп отыр. Ол сөмкедегі заттың ұрлықы екенін білмедім дейді. Бұл уәждердің барлығы полиция бөлімінде тергеушінің алдында тыңдалады.

Осылайша ұрланған дүние иесіне қайтарылды. Базар Абай ауданына аумағына қарасты болғандықтан, сол ауданның тергеушілері айналысады. Ұсталған азаматшалардың жасаған әрекеттері дәледенсе, қылмыстық кодестің 188-бабы бойынша іс қозғалады.

Ернар Балабеков