Шардара тұрғындары баспаналы болды

794
Жаңа пәтер

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында шардаралықтар қуанышқа бөленді. Мұнда Достық пен Көксу ауылында 140 орынды балабақша ел игілігіне берілді.

Шардара ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақша барлық талаптарға сай, құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда 140 бала 6 топқа бөлініп тәрбиеленуде.

Шардарадағы балабақша

Сонымен қатар Ақ алтын ауылында аудандық бюджет есебінен 60 орынды жаңа балабақша салынып, пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттардың іске қосылуына байланысты 80-ге жуық азамат жұмыспен қамтылды. Ғимараттың сметалық құны — 151 442 987 теңге.

Шардарадағы балабақша

Мұнан кейін ауыл тұрғындары күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне жиналды. 400 адам сиятын бұл ғимарат та жұмыс істеп тұрғанымен, әбден тозығы жеткен болатын. Республикалық және аудандық бюджеттен бөлінген 109 049 280 мың теңгеге қайта жаңарған мәдениет ошағы ауылдың ажарына ажар, сәніне сән қосты.

Шардарадағы мәдениет үйі

Қазірдің өзінде мәдениет үйінде бишілер үйірмесі, тігін цехы оқушыларды қабылдап, жұмысын бастап кетті. Екінші қабатынан ауылдық ардагерлер кеңесіне де орын берілді.

Мәдениет үйі

Мерекенің үлкені қала орталығында тойланды. Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығы құрметіне 24 пәтерлі жаңа үйдің кілттері иелеріне табыс етілді. Құрылысына 168 263 760 теңге жұмсалған төрт қабатты үйге қаржы облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген. «Шар-Орда» ЖШС былтыр құрылысты бастап, биылғы мереке қарсаңында аяқтап шықты. Пәтер алу бақытына ие болған тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов құттықтады.

Жаңа пәтер

Сонымен, ұзақ жылдардан бері сарыла кезек күткен отбасылар екі және бір бөлмелі су жаңа пәтерлерге ие болды. Жаңа үлгімен салынған пәтер бөлмелері талапқа сай жабдықталған. Ыстық және суық суы бар, жылыту пештері электр энергиясы арқылы автоматты түрде іске қосылады.

Жаңа үй