Шымкент әкімі АҚШ консулымен кездесті

323
Ғабидолла Әбдірахымов және Марк Муди

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы Марк Муди, саясат және экономика бөлімінің консулы Тимоти П. О’ Коннормен кездесті. Қос тарап кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас туралы пікірлесіп, ой бөлісті.

Ғабидолла Әбдірахымов және Марк Муди

Кездесуде қала әкімі америкалық делегаттарға заман талабына сай ашылатын «Shymkent Сity» жаңа ауданның жобалық сызбасымен таныстырды. Америкалық қонақтар шаһардың болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірқатар жобаларға қызығушылық танытты.

Ғабидолла Әбдірахымов және Марк Муди

Бас консул Марк Муди қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екенін айтып өтсе, қала басшысы шаһардың білім саласындағы жетістіктеріне тоқталып, әлемдік экономикадағы іскерік қарым-қатынастарда кеңінен қолданылатын ағылшын тілінің білім ұяларында тереңдетіп оқытылуы керегін сөз етті.

Өз кезегінде қонақтар қалада бой көтеретін халықаралық үлгідегі аквапарк пен «Дисней Ленд» жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендерін жеткізді.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметі