Шымкент әкімі шыршаның шамын жақты

504

Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында орнатылған бас шыршаның шамы жағылды. Биіктігі 18 метрді құрайтын шыршаның шамын жағу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы қатысып, қала тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ғ.Әбдірахымов

Жаңа жылдық шырша— Өткен жыл еліміз үшін сәтті өтті деуге болады. Келе жатқан мешін жылынан күтер жағымды жаңалықтар толағай болары анық, — деді Ғабидолла Рахматоллаұлы. — Алдымызда үлкен мақсаттар күтіп тұр. Олар да міндетті түрде орындалады және жаңа 2016 жыл да жарқын келешекке бастайтынына нық сенімдімін. Елбасы айтып өткендей, Шымкентті еліміздің үшінші ірі мегаполисына айналдыру үшін бірлесіп еңбек етеміз деп үміттенемін.

Айта кетейік, қала тұрғындары асыға күткен жаңа жылдық шыршаларды безендіру жұмыстары жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен жүргізілген. Бұдан өзге шыршалар қаланың бірнеше саябағында және жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алаңында орнатылады.