Шымкентте студенттер жатақханасы ашылды

731

Шымкентте ОҚМУ-дің студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылды. «Студенттер үйі» жатақханасының ашылу салтанатына Қазақстанның білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов пен өңір басшысы Б.Атамқұлов қатысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жатақхана М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің №9 оқу ғимаратының жанынан бой көтерген. Жалпы ауданы – 9 398 ш.м. Бес қабатты ғимараттағы бөлмелер 2 және 3 орынды. Жиһаздармен қамтылған.

Әр секцияда душ бөлмелері бар. Сонымен қатар жатақханада 6 демалыс бөлмесі, оқу залы, жабдықталған компьютерлік сынып және жаттығу залы, тоқ плитасы мен 10 ортақ асхана бар.

ОҚМУ жатақханасы 2015 жылы Қазақстанда ашылған жатақханалардың есебіндегі жетіншісі.