Жатақханадағы шартты өрт дер кезінде сөндірілді

29

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің №1 жатақханасында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың адамдар көптеп жиналатын нысандарда өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау, олардың нысан қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқару жұмыстарын жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінен 12 техника, офицерлік және жеке құрамнан 75 адам, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел-құтқару жасағының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Жатығудың тактикалық тұрғысынан жаттақхананың 7 қабатында орналасқан бөлмелердің бірінде өрт орын алып, «101» қызметіне түскен хабарламаға сәйкес күштер мен құралдар жіберіліп, адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару, шартты зардап шеккендерді құтқару, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы шартты өрттің көлемі 40 м² құрады. Бұл жаттығуда жаттақхана жұмысшылары мен аталған оқу орнының студенттерінің де іс-әрекеттері пысықталды.
Мұндай жаттығулар қандай да бір төтенше жағдай орын алған кезде үйлесімді және нәтижелі қызмет атқаруға үлкен септігін тигізеді.