Электр станциясы

Шымкентте электр тапшылығы жоқ. Оны болдырмау үшін жауапты мекеме тың жоспар құрған. Қала халқы санының өсуі, орта және шағын бизнес нысандарының көбейуіне байланысты шаһардың электр желісіне түсетін салмақтың артуы байқалады. Осы орайда «Оңтүстік жарық транзит» мекемесі өз теңгеріміндегі қосалқы станцияларының қуаттылығын артыруды қолға алып, қаржы бөлді.

Электр станциясы

№2 қосалқы станциясы қаладағы бес бірдей шағынаудан тұрғындарын электр жарығымен қамтамасыз етеді. Оның ішінде әлеуметтік және 700-ден астам шағын және орта бизнес нысандары бар. Қазіргі таңда «Оңтүстік жарық транзит» серіктестігі сол №2 қосалқы сатнциясының қуатылығын 16 меговаттан 25 меговатқа алмастыру жұмыстарын жүргізуде.

Электр станциясы

Серіктестік қалалықтарды сапалы жарықпен қамту үшін қыруар жұмыс атқаруда. Инвестиция тарту аясында шаһардағы «Тараз» шағынауданындағы электр желілері мен трансфарматорлардың қуаты да арттырылуда.

Инвестициялық бағдарламаның орындалуының нәтижесінде электр энергиясының сапасы артады дейді жауаптылар. Шағынаудандардың жүктемелері 110 кв-тан қосалқы станцияларға бөлінді. Сонда техникалық шығын азайып, негізгі техникалардың тозуы кемуі тиіс.

Нұрлан Жаңабай