Шымкенттің орталық алаңдарына жаңа жылдық шырша қою қолға алынды. Шаһар басшылары үш алаңнан бой көтеретін безендіру бұйымдарын демеушілердің көмегімен орнатпақ.
Әл Фараби алаңы мен әкімшілік іскерлік орталығында 18 метрлік шырша, ал Шәмші әлемінде 12 метрлік жасыл желек қойылады.
Еске сала кетейік, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов биыл шаһарды жаңа жылдық безендіруге бөлінген 80 млн теңгені әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына үлестірді. Ал қазір орталық көшелердегі безендірулер — кәсіпкерлердің көмегімен жасалынған дүние.