Қазақстанның тәуелсіздігі күніне орай Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Әл Фараби алаңында мерекелік кеш өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, шымкенттіктерді мерекемен құттықтады.
— Отанымыз үшін тәуелсіздіктен асқан ұлы ұғым болмақ емес. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің көк туы асқақтап, келешегі көркейе беретіні анық, — дейді Ғ.Рахматоллаұлы.
Әл Фараби алаңында жиналған қала тұрғындарына елімізге танымал эстрада жұлдыздары Бүркіт, «All Давай», «FM» тобы әсем әннен шашу шашса, ұлттық, отаншылдық рухты оятатын әндер шырқаған жергілікті өнерпаздар да мерекенің мерейін асыра түсті.
Меркелік кештің соңы отшашуларға ұласып, жұртшылықтың көңіл-күйін көтере түсті.