Студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

601
Тәуелсіздікке арналған көрініс

Қазақ жастары бүгінгі азат өмірдің қандай жолмен келгенін білуі тиіс. Қаламыздағы жоғары оқу орындарының студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына жиналды. Олар мұнда саяси репрессия жылдарындағы нәубет күндердің көрінісін сахналық қойылымдармен көрсетті. Онда қандықол биліктің темір шеңгелі небір қазақ зиялыларын «халық жауы» аттандырып, отбасынан айырғанын көрді.

Тәуелсіздікке арналған көрініс

«Ауыр жүк арқалаған азаматтар» деген атпен өткен іс-шараның көздегені біреу. Ол – қазақ халқы басынан кешірген азапты күндерді жастардың жадынан шығармау. Тарихымызды аға буынның айтуынан емес, өз замандастарымыздың тілімен жеткізу.

Солардың бірі – Сандуғаш Тұрдалиева. Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің І курсында оқитын Сандуғаш жазықсыз қудаланып, қорғасын оққа байланған қазақ зиялылары туралы өлең-жырларды жатқа біледі.  Және өз ортасында әрдайым айтып жүреді.

Сандуғаш ТұрдалиеваСандуғаш Тұрдалиева: «Менің ойымша, мұндай іс-шаралар жастар арасында көптеп ұйымдастырылып тұруы керек. Қазақта мынадай әдемі сөз бар: «Тарихымызға терең бойлай алмай, болашаққа қадам баса алмаймыз.» Менің ойымша, болашаққа қадам басу біздердің, жастардың қолында.»

Қазақ халқын қынадай қырған сол бір сұрапыл нәубет Оңтүстік өңірін де айналып өтпеді. Облысымыздан 7 мың адам тұтқындалып, олардың 2,5 мыңы атылып кетті…