прокуратурада тілішілерге есік ашық

Учаскелік инспекторлардың ұқыпсыздығынан тағы бір қылмыс тіркелді. Бұл туралы Қаратау ауданының прокурорлары мәлімдеді.

прокуратурада тілішілерге есік ашық

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, бұған дейін кісі тонап, жазасын өтеп шыққан азаматты тәртіп сақшылары қараусыз қалдырған. Қадағалаусыз кеткен ол спирттік ішімдікке салынып, бөтелкелесін пышақтап өлтіріпті.

Заң бойынша түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтарды учаскелік инспектор қатаң бақылауда ұстауы қажет. Ал жаңадан құрылған Қаратау полиция бөліміне жүктелген міндет өз деңгейінде орындалмапты.

Ернар Балабеков