Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар назарына!

577
Қолжетімді баспананы үлестіру 2020 жылға дейін созылады

Шымкент қаласында тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтар тез арада құжаттарын жаңартуы тиіс. Бұл туралы қалалық әкімдіктің тұрғын үй, коммуналды шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторы мамандары хабарлайды.

Қолжетімді баспананы үлестіру 2020 жылға дейін созылады

Баспана кезегінде мына санаттар бойынша тұратын жандар тез арада тұрғын үй секторына (мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 18, 2-қабат, 201-кабинет) хабарласуы тиіс:

  • Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме және әскери қызметкерлер санаты бойынша 01.01.2004 – 01.03.2012 жылдар аралығында тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтар;
  • Халықтың  әлеуметтік жағынан әлсіз топтары тізімінде 01.01.2004 – 01.03.2005 жылдар аралығында тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтар;
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар санаты бойынша 01.12.2014 жылға дейін тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтар.

Азаматтардың өздерімен бірге мына құжаттарды болуы қажет:

  1. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері;
  2. Некеге тұру (бұзу) куәлігінің көшірмесі, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері (болған жағдайда);
  3. Жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесі немесе қызметтік тізімінен үзінді;
  4. Аумақтық әділет органының отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі соңғы 5 жыл көлемінде Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үй-жайдың бары немесе жоғы туралы анықтамасы;
  5. Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (құжатты салыстыру үшін) немесе тұрақты тұратынын растайтын анықтама;
  6. Өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасы.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі