Тәуелсіздік марафонына келіңіз!

437

Құрметті жерлестер мен қала қонақтары! Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған бұқаралық жүгіру марафонына қатысуға шақырамыз.

МарафонБұл спорттық шара облыс тұрғындарын саламатты өмір салтын қалыптастыру мен отан сүйгіштікке тәрбиелеу және достық қарым-қатынасты арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 2015 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 10:00-де басталады.

Марафон Шымкент қаласындағы Желтоқсан көшесі бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледждің алдынан басталып, Бәйдібек би даңғылы көшесі бойында орналасқан Наурыз алаңында аяқталады деп жоспарлануда.

Жарысқа қатысушылар 15 желтоқсан күні сағат 09:20-да Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің алдына жиналуы тиіс. Жүгірудің жеңімпазы мен жүлдегер спортшылары тиісті деңгейдегі диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар: Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Анықтама телефоны: 36-50-16, 31-42-88, 8 705 720 00 89 Д.Әлімбаев

Облыс әкімінің баспасөз қызметі