Балабақша

Төле би ауданында 4 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Осындағы Зертас ауылында 100 орынды балабақша ашылды. Барлық жағдайы жасалған нысанның құрылысына 60 млн теңге жұмсалған.

Балабақша

Еске салсақ, ауданда жыл басынан бері дәл осындай 6 балабақшаның тұсауы кесілген. Ал, қыстың алғашқы айында 2 балабақша ашылып отыр.

Бұдан бөлек халық үшін екі мәдениет клубының лентасы қиылды. Соның бірі, Қаратөбе ауылындағы мәдениет клубы 1956 жылы салынған. Жарты ғасырдан асқан клуб ғимараты әбден көнерген еді.

Енді, міне, аудан бюджетінен 30 млн теңге бөлініп, қайта ашылды. Екінші мәдениет үйі Жамбыл ауылында орналасқан. Енді ауыл үлкедері клуб жұмысын дамыту арқылы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бет бұрмақ.