Қалалық ішкі істер басқармасы

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жергілікті тұрғындарға жаңа жыл мерекесін тойлау барысында пиротехникалық жарылғыш заттардан абай болу қажеттігін ескертеді. Құтқарушылар мереке кешінде орын алуы мүмкін өрт қауіпсіздігінің алдын алуға, жергілікті тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауда мұқият болуға шақырады.

Қалалық ішкі істер басқармасы

Осыған орай қала әкімдігінің шағын мәжіліс залында «Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану, сату қағидаларын сақтау, сондай-ақ, от шашу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиынға прокуратура қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары және қаладағы кәсіпкерлер қатысты. Осы орайда қала тұрғындарының жаңа жыл мерекесінде өрт қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарап, тілсіз жаудың алдын алу баршаға ортақ міндет екенін ұмытпағаны жөн.