Тәуелсіздік қарсаңында туылған сәбилерге құжаттары табыс етілді

211

Шымкентте тәуелсіздік күні қарсаңында дүниеге келген сәбилер туу туралы куәлікке ие болды. Құжатты халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары перзентханаға арнайы келіп, аналарға салтанатты түрде табыс етті.

Мамандар жаңа босанған аналарға сый-сияпат жасап, гүл шоқтарын тарту етті. Мереке аясында бес ана құрметке бөленді. Орталық мамандарының айтуынша, аталған бастама өңіріміздің барлық аудан-қалаларында қолға алынған. Бүгін 60 сәби өміріндегі алғашқы құжаттарын алды.