Тарихтан сыр шерткен көрме

961
Суретші Алматы мен Астанадан кейінгі Түркістандағы бұл бір жылда 3-көрмесі
Суретші Алматы мен Астанадан кейінгі Түркістандағы бұл бір жылда 3-көрмесі

Суретші Батухан Бәймен Қазақ хандығының 550 жылдық тарихынан сыр шертті. КСРО суретшілер одағының мүшесі, қылқалам шеберінің туындылары Түркістан төріне жайғасып, арнайы көрмесі ашылды. Бұл еліміздің рухани астанасындағы елеулі мәдени жаңалық болды.

Суретші Алматы мен Астанадан кейінгі Түркістандағы бұл бір жылда 3-көрмесі

Батухан Бәймен киелі Түркістан шаһарында жеке шығармашылық көрмесін өткізуді көптен ниет еткен. Суретшінің арманын Қазақ хандары мен батырлары жерленген жердің басшылары жүзеге асырды. 400-ге жуық шығарманың авторына Астана мен Алматыдан кейін Түркістанда жеке шығармашылық көрмесін өткізу бұйырды. Бұл — шебердің бір жыл ішіндегі үшінші шығармашылық кеші.

[youtube]https://youtu.be/vq-SZIx0YhM[/youtube]

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеде елдің өткенінен сыр шертер туындылар көптеп қойылған. Әсіресе, «Ауылым — алтын бесігім», «Тұңғиық», «Түркілер», «Аң стилі», «Қызыл планета» сериялы топтамалары көпшіліктің көңілінен шықты.

vlcsnap-2015-12-03-17h43m57s33

Көрме экспозициясына суретшінің ең таңдаулы 100-ге жуық шығармасы қойылды. Батухан Байменнің шығармашылығы 1980 жылдан бастау алады. Оның алғашқы жұмыстары сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігі, ал натюрморттары графикалық және композициялық ізденіске толы.

Суретшінің шығармашылығы бірнеше кезеңнен тұрады. Балалық шағы мен қазақтың тұрмыстық-мәдениетіне де қалам тартты.

vlcsnap-2015-12-03-17h44m58s130

Өнертанушылар Батухан Баймен шығармашылығының Қазақ бейнелеу өнерінде шоқтығы биік екенін айтады. Өйткені ол — кенже қалып қойған, өзіндік терең қыр-сыры бар графика өнерін бірегей жалғастырушысы дейді замандастары.

Қуандық Ералин: «Үлкен масштабта ой айтатын адам. Адам мен әлемнің байланысы, қазіргі қоғам мен адам, біздің салт-дәстүр мен мәдениетіміз Байменнің шығармашылығының ең негізгі тақырыптары.»

Күн мен түн, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы. Суретші адам баласының бастан кешетін осы құбылыстар арқылы әлемдегі тіршілік пен одан кейінгі өмір жайындағы ой ізденісін қағаз бетіне түсірген.

Суртешінің есімі тек Қазақстанда ғана емес, алыс және жақын шетелдерде де әйгілі. Батухан Баймен елдің қиын-қыстау кезеңінде шеберханадан қол үзген сәттерім де болды дейді. Бірақ ойындағы композицияларды эскизде қағазға түсіріп отырған. Ал 2007 жылдан бастап суретшінің нобайлары полотноларға түсіріле бастайды.