В.Божко ОҚО-дағы қысқа дайындықты пысықтады

380
В.Божко

Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында вице-министр Владимир Божко өңірдегі жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, төтенше жағдайлардың алдын алу жайы мен қыс мезгіліне дайындық барысын пысықтады. Облыста өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында 1685 нысанға тексеріс жүргізілді.

В.Божко

Төтенше жағдай саласы қызметкерлерінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде 27 миллион 975 мың теңге айыппұл салынды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны болдырмау мақсатында департамент тарапынан көптеген насихаттық жұмыстар жүргізілді. Мәселен, 8 баспасөз конференциясы мен брифинг ұйымдастырылды, 8 видеоролик түсіріліп, жергілікті телеарналардан көрсетілді. Сонымен қатар тұрғындарға 40 мың плакат таратылып, 68 билборд көше бойларына ілінді.

Владимир Божко облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды мен Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Пармановқа «ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Облысқа екі күндік сапарымен келген вице-министр Шымкенттегі «Достық» шағынауданында орналасқан жаңа өрт сөндіру депосының ашылуына қатысып, Шардара су қоймасы мен «Көксарай» су реттегіші нысандарын аралау жоспарланып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі