Жаңа жыл мерекесіне орай Шымкент-Астана бағытында қосымша №157/158 пойыздары қатынайды. 30 желтоқсанда 23:23-те Шымкенттен шыққан пойыз Астанаға 31 желтоқсанда түнгі сағат 22:02-де жетеді.
Дәл осы пойыз 3 қаңтарда да бағытқа шығады. Билет бағасы купеге — 6 205, плацкарт вагонына — 4006 теңге.
Осы орайда»Қазақстан теміржолы» ҰК басшылығының мәлімдеуінше, билет бағасы 2016 жылы қымбаттамайды. Алматы бағытында «Отырар», «Арыс-Алматы», «Тальго» пойыздары қыс мерзіміне белгіленген кесте бойынша қатынауда.
Билетті енді вокзалдың бірінші қабатында орнатылған жаңа АКС аппараттарынан сатып ала аласыз. Бұрынғы терминалдан ерекшелігі, мұнда билеттің құнынан қалған ұсақ ақша да қайтарылады.
Шынар Оразова