Жас мамандар баспанамен қамтылуы тиіс

344
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

«Фармацевтика саласының кадрларын замануи даярлаудағы басты бағыттар». Бұл — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында екі күннен бері талқыланып жатқан басты тақырып. Шараға өңірдегі медицина және фармацевтика ұйымдарының өкілдері қатысып, маман дайындаудағы басты қателіктерді атады. Оның шешу жолдарын қарастырып, арнайы қорытынды шығарды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының ұжымы білікті фармацевтика саласының мамандарын даярлауды міндет еткен. Мақсатты жүзеге асыру аясында өңірдегі медицина және фармацевтика ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Іс шараға қатысушылар маман даярлау мәселесінен бөлек денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа бағдарламасын да талқылады. Бас құжатта басым бағыт фармацевтика өндірісінің индустриалды-инновациялық дамуына берілген. Ал облыс аумағында фармацевтерді дайындайтын жалғыз жоғары оқу орнының ұжымы өздеріне жүктелген міндеттің салмағы ауыр екенін жақсы түсінеді.

Хадиша Әлжанова, ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйым қауымдастығының директоры: «Біз фармацевтика академиясымен көп жылдардан бері жұмыс жасап келеміз. Соңғы 5-6 жылда даярланған академияның түлектері өздерін білікті мамандар ретінде көрсете білді. Олар бүгінде сұранысқа ие. Сондықтан біз өз тарапымыздан жұмыс берушілерге талап қойып жатырмыз. Жас маманды жұмысқа алатын болса, онда баспанамен және лайықты еңбекақымен қамтуы тиіс. Қолдау болса, мамандар да аянбай еңбек етеді.»

Басқосудың қорытындысы бойынша арнайы шешім шығарылды. Енді оқу бағдарламалары фармация және фармацевтика өндірісі саласындағы кәсіби стандарттар мен талаптар негізінде келісіліп жасалатын болады. Ғалымдар мен жұмыс берушілердің пікірінше, бұл студенттердің маман болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Шынар Оразова