Сыбайласын өлтірді

217

Түркістанда қылмыстық топтың бір мүшесі екіншісін атып өлтірген. Оқиға қазан айында тапа-тал түсте марқұмның үйінде болыпты.

Абай аудандық ішкі істер бөлімі

Қылмысты іске қатысы бар екеудің бірі жазасын өтеп келіп, іздеуде жүрген сыбайласының баспанасында қатарласын қақ шекеден 4 рет атқан дейді полицейлер. Қазір тәртіп сақшылары қылмыс әлемінің мүшелері арасында өзара жасалған істі тексеруге көшті.