Жасөспірім қызға зорлық жасағандар іздестірілуде. Қаратау аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне Қайнарбұлақ саяжайының тұрғыны арызданған.
Ол арызында 16 жасар қызын белгісіз біреулер қорқытып, зорлық-зомбылық көрсеткенін жазған. Қазір орын алған оқиға бойынша кәмелет жасына толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Жәбір көрген жасөспіріммен психолог мамандар жұмыс жасап жатыр.