Жолаушысын тонаған таксист ұсталды

202
тонаушылар жап жас балалар болып шықты

Оңтүстікте тәртіп сақшылары жолаушыны тонады деген күдікпен такси жүргізушісін қолға түсірді. 2015 жылдың желтоқсан айында Сарыағаш АІІБ-не 35 жастағы Өзбекстан азаматы шағымданған.

тонаушылар жап жас балалар болып шықты

Жәбірленушінің айтуынша, Сарыағаш қаласында «Дэу -Джентра» таксиіне отырған. Жолда жүргізушісі жәбірленушіге күш қолданып, қорқытып, жалпы соммасы 1000 АҚШ доллары ақшасы мен «Самсунг» маркалы ұялы телефонын тартып алған.

Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында 28 жастағы Сарыағаш тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Қолға түскен жігіт өз әрекетін мойындап отыр.

Айғақ ретінде күдіктіден ұрланған заттар және автокөлік тәркіленді. Қазір күдікті қамауда жатыр.